Әйел зорлаған павлодарлықты 7 жылға темір торға қамады

Сотта 23 жастағы жігітке қатысты қорқыту, зорлау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жапа шегуші отырыс кезінде өзін ренжіткен адамды бас бостандығынан айыруды сұрады, алайда айыпталушы жыныстық қарым-қатынас екі жақты келісім арқылы болды деп сендірді. Айғақтарды ескерген сот құрбанның тарапына шықты. Павлодарлықтың бірнеше рет сотталғаны анықталған.  

- Павлодар қаласы №2 сотының 2019 жылғы 29 қазанындағы үкімі бойынша 6 ай түріндегі өтелмеген жазаны ішінара қосып нәтижесінде қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі жоғары мекемесіне 7 жыл 6 айға қамау жазасы тағайындалсын, - деп үкім шығарды судья.

Оның бұрын жасаған істерін ескере отырып, оның әрекеттерінен қылмыстың қайталануын анықтады. Бұған дейін ол Ертіс жағасында пышақпен қорқытып бір әйелдің велосипедін тартып алған. Оған дейін ұрлық үшін ұсталған. Жаңа үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.