• Басты бет
  • Қоғам
  • Әйелдерге алдын ала жазылусыз, тегін медициналық тексерістен өтуге болады

Әйелдерге алдын ала жазылусыз, тегін медициналық тексерістен өтуге болады

Жатыр мойнының қатерлі ісігі - әйелдер арасында кең таралған аурулардың бірі. Республика бойынша бұл дертке ең көп шалдыққандардың қатарында біздің өңіріміз де бар. Статистика артқан. Тек 2020 жылы облыс бойынша аталған аурумен 137 әйел тіркеліп, соңғы 5 жылда 2 есеге артқан.

 

- Орташа алғанда 40-60 жас аралығындағы әйелдер ауырады. Алайда бұл жастар мен қартар ауырмайды деген сөз емес. Өкінішке орай бұл дерт қазір жасарды. Себебі, 20-25 жастағы қыздар да ауырады, - деді Павлодар облыстық онкологиялық диспансерінің онкогинеколог, радиолог дәрігері Зульфия Саитова.

 

Ақ халаттылардың айтуынша аурудың бастапқы кезеңінде ешқандай белгілері болмайды. Дегенмен мамандарға уақытылы қаралып, 1,2 кезеңдегі ісікті емдеуге болатынын еске салады. Бұл ретте барлық әйелдерді қаңтардың 23-і Россиская көшесі, 57/3 мсекенжайында орналасқан облыстық онкологиялық диспансерге скрининг өтуге шақырады. Мұнда нәзік жандылар алдын-ала жазылусыз, жолдамасыз гинеколог маманның кеңесін тегін ала алады.