Әкімге шағымданудан басқа амалымыз қалмады

ПИК өкілдері биыл жертөледе жүргізілген жөндеу жұмыстарының қорытындысымен бөлісуде. Айтуларынша, жаз мезгілінде тұрғындардан 6 миллионнан аса қаражат жинап, оған жүйені толықтай жаңартып, жылу мен суық суды бөлетін, жылу торабы құрылғысын сатып алған. Сондай-ақ, жертөлеге жарық тартылды. Жылу беру маусымы басталғанымен дұрыс параметрлер берілмеуде.

 

Бұл уақытта, жергілікті тұрғындар «Ирбис» келді дегенді естіп, далада жиналыс ұйымдастырды. Адамдар бір ауыздан пәтерлеріміз суық дейді. Мәселе 8 жыл бойы шешімін таба алмауда.

 

- Неше жылдан бері жылу жоқ. Басында бәрі жертөледегі жағдайларға байланысты деді. Былтыр ПИК-ті де ауыстырдық. Бүкіл жөндеуін жасадық. Алайда бәрі сол қалпы. Өзгерген түгі жоқ.  Енді әкімег барып шағымданбаудан басқа амалымыз қалмады, -  дейді Қамзин көшесіндегі №80-үйдің тұрғыны Сағида Самиденова.

 

Ал ПИК төрайымы Валентина Абрамова:

 

- Мен ашық түрде бұл мәселеге толықтай жылу берушілер кінәлі деп айта аламын. Оларға қысқа уақытта параметрлерді ретке келтіру керек. Ысырмаларды тексеріп, адамдарға жылу беру қажет. Жылу беру үшін біз барлық құрылғыларды жаңарттық. Аталмыш көпқабатты 100 пайыз дайын. 8 жылдағы мәселені бір жаздың ішінде шешуге тырыстық. Енді біз не істей аламыз?, - деп ағынан жарылды

 

7 кіреберісі бар көпқабаттының тұрғындары алпауыттан параметрлерді ретке келтіруді сұрайды. Әзірге олар салқын батареялармен отыруға мәжбүр.