Әже ауласын қардан тазалауға көмек сұрайды

Жалғыз басты зейнеткер павлодарлықтардан жәрдем сұрауда. Үйінділерді шығармаса, баспанам су астында қалады деп алаңдап отыр. Жалғыз басты зейнеткер шамасы келгенше ауласын қардан тазалап отырады. Алайда, жиналған үйінділерді өзі шығара алмайды.

 

-Биыл қар көп түсті. Шамам келгенше жинауға тырысамын. Бұған қарамастан, бау-бақшамда осындай үйінділер пайда болды. Мен жалғыз өзім бұл үйде тұрамын. Қалада басқа туыстарым жоқ. Еріктілерден көмек сұраймын, - деді Мәшһүр Жүсіп көшесіндегі №305-үйдің тұрғыны Галина Белик.

 

Қала әкімдігінде мәлімдегендей, бүгінде жеке секторлардан қар шығару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Екінші Павлодар, Зеленстрой, Лесозауыттағы баспаналарды су басуға жол бермеу мақсатында.

 

- Қала көшелеріндегі қарды тазалау және шығару жұмыстары да жалғасуда. Бүгін қалада 110 бірлік арнайы техника жұмыс істеуде. Бұл 70 автосамосвал, 33 тиегіш, 6 бірлік сыпыру техникасы, 1 грейдер, - деді Павлодар қаласы әкімі баспасөз қызметінің бас маманы Жансерік Қапзолла.

 

Қыс басталғалы полигонға 560 мың тонна қар шығарылды. Әкімдікте қарияға көмек көрсетілетінін айтты. Алдағы уақытта Мәшһүр Жүсіп 305 мекенжайына «Жасыл ел» жасағы барып, ауланы тазалайды.