• Басты бет
  • Қоғам
  • Өндірістік аймаққа төгілген мұнай қалдықтары 35 миллион теңгеге зиян келтірген

Өндірістік аймаққа төгілген мұнай қалдықтары 35 миллион теңгеге зиян келтірген

Қауіпті қалдықтардың бейнесі желіге қазан айының басында жарияланды. Естеріңізге салсақ, жер телімінде мұнай, битум, өндірістік материалдар мен лас қолғаптар анықталды. Кадрларды зерттеп шыққан экологтер бірден тексеріске шықты. Мамандар материалдарды жинап, қылмыстық іс ашу үшін  полицияға жүгінді.   

 

- Солтүстік ондірістік аймақтағы ластану бойынша департамент мамандары бір ай бойы аталмыш мәселемен айналысты. Аталмыш нысанға біз бірнеше рет барып, сынамалар алдық. Жер асты суларының ластану деңгейін анықтадық. 2020-шы жылдың 17-ші қазанында қылмыстық іс ашылды. Бүгінде тергеу шаралары өтуде, - деді Павлодар облысы экология департаменті басшысының орынбасары Дархан Исжанов.  

 

Ластанудың жалпы аумағы 1000 шаршы метрден асты. Қауіпті қалдықтар 104 шаршы метрге шашылған. Келтірілген залал соммасы 34,8 миллион теңге. Айта кетсек, аталмыш жер телімі жанармай цистерналарын тазалаумен айналысатын компаниямен шекаралас орналасқан. Жоспардан тыс өткен тексеріс барысында аталмыш кәсіпорыннан шыққан қалдықтар заңсыз үшінші жаққа берілгені анықталды. Олардың кәдеге жарату құжаттары болмаған. Бүгінде қылмыстық іс тергелуде. Кінәлі анықталған жағдайда олар жердің құнарлы қабатын қалпына келтіреді.