Өнер әлемінің тағы бір жұлдызынан айырылдық

Ирина Рахимжанова өңіріміздің мәдени дамуына зор үлес қосқандардың қатарынан. Симфониялық оркестрдің мінсіз кештері оның тынымсыз еңбегі еді. Шындыққа жаны жақын ол өзекті мәселелерді көтеруден еш жасқанбайтын. Өнердегі азаматтар бұл жаңалыққа әлі сене алмай жүргендерін жеткізді.

 

- Ол тек Павлодар облысының емес, ел көлемінде симфониялық жанрдың қалыптасуына өз үлесін қосты. Ирина Джамшидовнаның арқасында ұжымымыз Германия, Түркия және Италия қалаларында өнер көрсетті.  Бұл - біз үшін орны толмас қайғы, - деді оркестр әртісі Анатолий Оноприенко.

 

Ирина Рахимжанова - 2003 жылы Павлодар симфониялық оркестрін құрғандардың бірі. Оның арқасында «Ирбис» телекомпаниясы көптеген жобаларды көпшілікке ұсынды. Айта кетейін, Ирина Джамшидовна осыдан біраз бұрын 60 жасын атап өткен болатын.