Өнерпаздар ардагерлердің үйлеріне барып концерт қоюда

Ұлы жеңіске айрықша үлес қосқан ардагердің ауласында осындай жалынды әндер шырқалды. Виктор Хавазов - елін жаудан қорғауға ат салысқан жауынгерлердің бірі. 96 жастағы зейнеткер сұм соғыспен қатар, Ленинград блокадасының қиындықтарына төзген.

 

- 1942 жылы оны көршісі Ладога көлі арқылы эвакуациялауға көмектескен. Жолай жан тапсырғандарды, әлсіреп талып жатқандары шығарып отырған. Әкемнің аман қалуы екі талай дегенде болжамдар айтылыпты. Кейін 1943 жылы майдан шебіне аттанған. Дегенмен бүгінде ортамызда. Бұл оқиғаларды мүлдем айтпайтын. Тек бертін келе дастархан басында егжей-тегжейлі баяндай бастады, - деді қызы Ольга Хабазова. 

 

 

- Биыл Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне берілетін төлемақы көлемі 1 миллионға дейін артты. Сондай-ақ, оларға теңестірілгендерге де бірнеше есеге ұлғайды.  Қазіргі таңда қала көлемінде осындай акция өтуде. Себебі, олар денсаулығына байланысты далаға шыға алмайды, - деді Павлодар қаласы әкімінің орынбасары Светлана Гладышева.

 

Қаламызда 24 ардагер бар. Құттықтау акциясы 1 апта көлемінде жалғаспақ. Басты мақсат - ерен ерлеріміздің ергілін ұлықтау.