Өрттен қорықпайтындар!

Мұнда тек мықтылар жиналған. «Қазақстан Алюминийі» АҚ-ның  30-ға жуық өртпен күресушісі, «Қазақстан электролизінің» құрамасы, барлығы 5 команда. Олардың әрқайсысында көптеген құтқарылған өмір мен жүздеген ауыздықталған өрт бар.    

 

- Жұмысқа орналаспас бұрын барлық қызметкерлер оқу тәжірибесінен өтеді. Көбіне мемлекеттік өрт сөндіру қызметінен зейнетке шыққандар жұмыс істейді. Барлығы өртті ауыздықтауға талай рет шыққан, - дейді «Қазақстан Алюминийі» АҚ мемлекеттік емес өртке қарсы қызметінің бастығы Қайыргелді Әлімхан. 

 

Мұнда баяндауға болмайды, әрбір секунд санаулы. Қателіктер де ескеріледі. Жиналған ұпайдан алып тастайды. Командалық жұмыс ортақ мақсатқа жеткізеді. Олар жалын ошағына суды дөп тигізу керек. Одан кейін өртпен күресушілердің алдында қиын тапсырма. Үшінші кезеңде көпқабатты ғимараттан адамды құтқару керек. Эвакуациялау, тілсіз жауды ауыздықтау – жағдай максималды түрде шындыққа ұқсайды.

 

Өрттің бетін қалай қайтару керектігін бұл мамандар бәрінен  жақсы біледі. Барлық жасақтың жауынгерлері қызметін атқарып, қалалық әріптестеріне көмектеседі.

 

- Біз қызметте үлкен эволюция жасадық. Дайындығымызды арттырдық. Техника паркіне күрделі жөндеу жүргізіп, жаңарттық. Кез-келген қиын жағдайда біз заң бойынша қалаға көмектесуіміз керек. Сондықтан біздің құрылымымызда 2 мемлекеттік емес өрт сөндіру қызметі бар. Олар: «Қазақстан Алюминийі» АҚ мен Рудный «ССГПО». Кез-келген қиын жағдайда қалаға көмектесеміз. Өзіміздің бар күшімізді көрсеткіміз келеді, - деді «Еуразиялық топ» ЖШС еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша директоры Дмитрий Цецелюк.

 

«Қазақстан Алюминийі» АҚ мемлекеттік емес өрт сөндіру қызметінің мамандары өздерінің кәсібилігін дәлелдеді. Бұдан бөлек, олар кезекті рет өрт сөндіруші мамандығы бұл жай ғана жұмыс емес, қабілеттілік екенін дәлелдеді.     

           

- Біз бірінші орын алғанымызға қуаныштымыз. Біз үздіксіз жаттықтық. Кездейсоқ емес, жылдар бойы жинаған еңбегіміз. Үлкен тәжірибеміз бар. Мен қуаныштымын, - дейді «Қазақстан Алюминийі» АҚ мемлекеттік емес өртке қарсы карауылының бастығы Азамат Құттығадамов.                    

 

- Жылына екі рет көктемде және күзде өткізуге болады. Жазда жұмыс көп. Бұл өте пайдалы, әсіресе жастар үшін. Бұл үлкен тәрбие және оларға қатты әсер етеді, - деді «Қазақстан Алюминийі» АҚ мемлекеттік емес өртке қарсы қызметінің бастығы Талғат Тұрлыбеков.              

 

Басты мақсат – негізгі дағдыларды шынайы жағдайда өтеу орындалды. Басшылықтан барлығына тілек ортақ. Өрт жағдайларының аз болуы.