• Басты бет
  • Қоғам
  • Өткен жылмен салыстырғанда Павлодар облысындағы адам саны азайған

Өткен жылмен салыстырғанда Павлодар облысындағы адам саны азайған

Азаматтық хал актілері жазбаларындағы мәліметтері бойынша, жарты жыл ішінде туғандар саны 5729 адамды құрады, бұл өткен жылғы қаңтар-маусымға қарағанда 2,1% көп. Аталмыш кезеңде қайтыс болғандар саны 4411 адамды құрады, бұл 2020 жылғы қаңтар-маусымға қарағанда 20,7% көбейді 3.

Көші-қон мәліметтеріне жүгінсек, жарты жылда тұрғылықты тұруға келгендердің тіркелу саны өткен жылғыдан 11,5% көбейіп, 3025 адам құрады. Облысқа сыртқы көші-қон бойынша 224 адам көшіп келді, соның ішінде ТМД елдерінен – 197 адам. Қазақстанның басқа өңірлерінен 2801 адам бізге көшіп келді. 2021 жылғы қаңтар-маусым аралығында облыстан шетелге 1528 адам, соның ішінде ТМД елдеріне 1229 адам, әлемнің басқа елдеріне 299 адам қоныс аударды. Қазақстанның басқа өңірлеріне 3730 адам көшіп кеткен екен.