• Басты бет
  • Қоғам
  • Өткен жылғы баға өсімі қайталанбау үшін өндірушілерімен келіссөздер жүргізілуде

Өткен жылғы баға өсімі қайталанбау үшін өндірушілерімен келіссөздер жүргізілуде

Ал көкөністердің құны әзірге тұрақты. Қоры да жеткілікті екен. Өткен жылғыдай картоп, орамжапырақтың баға өсімін болдырмау үшін, оңтүстіктегі өндірушілерімен келіссөздер жүргізілуде.Шенеуніктер павлодарлықтарды азық-түлік мәселесінде дүрлігуге жол бермеуге шақырды. Облыстың 33 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен қысқы-көктемгі кезеңде белгіленген бағамен сату үшін 30 мың тонна картоп және 6 мың тонна сәбіз отырғызу келісілген көрінеді.

 

  • Облыстың 4 ірі сауда желісімен меморандум жасалып, супермаркеттерде картоп пен сәбізді 125 теңгеге дейінгі бағамен сатуда. Сонымен қатар, 7 сүт кәсіпорындарымен және 11 сүт-тауар фермаларымен бағаның көтерілмеуі туралы меморандумға қол қойылған,- дейді Павлодар облысы кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Ернұр Жәутікбаев.

 

Ал дүкен сөрелерінде талан-таражға түсіп жатқан қанттың бағасы күні кеше ғана 290 тг қымбаттады. Бұған коммерциялық өнім құнының өсуі себеп болған дейді шенеуніктер. Ал тұрғындар шағымданып жатқан қант бағасын заңсыз арттыру жайттарын жауапты қызмет өкілдері тексеріп жатқан көрінеді.

 

  • Бұндай деректердің орын алуы тексерілуде.1-2 апта ішінде нәтижесі белгілі болады деп ойлаймын. Дүрлікпе кезіндегі бағаны арттыруды монополияға қарсы ведомство жауапты. Біз адам басына 2 келі қант өткізу талабын барлық дүкендерде сақтаймыз,- дейді Павлодар облысы әкімінің орынбасары Мейрам Өтешев.

 

Ал көкөністердің қоры әзірге жеткілікті. Өткен жылғыдай картоп, сәбіз бен орамжапырақ бойынша қымбаттау орын алмас үшін алдын алу жұмыстары жасалуда. Түркістан өңірімен келіссөз жүргізілуде. Бұл ретте, орамжапырақ бойынша меморандум жасалуға жақын. Қазіргі таңда Павлодарда, Қырғызстан мен Өзбекстаннан келген орамжапырақ 280 тг өткізілуде, ал еліміздің оңтүстіктегі өндірушілері көкөністі 10-20% арзанырақ ұсынуға дайын екен.

 

Авторы: Дархан Бекишев