• Басты бет
  • Қоғам
  • Өз қателігінен сабақ алмады. 32 жасар жүргізуші алты жылға қамалды

Өз қателігінен сабақ алмады. 32 жасар жүргізуші алты жылға қамалды

Ешкім ажал құшпаса да жүргізушінің бұрын көлік басқару құқығынан айрылғанын ескеріп, оның әрекетінен қылмыстың қайталануын анықтаған. Екібастұз қалалық сотының үкімінде айыпталушының жауабы көрсетілген. Ер адамның айтуынша ол достарымен ішімдік ішкен. Алкоголь біткен кезде көлікке отырып, дүкенге барған. Көңілді кеш машинада жалғасқан.

 

Сот материалы бойынша жапа шегуші сотта 2021 жылдың 11 қарашасында К. және Т. деген азаматпен сыра ішіп, кейін К. деген азаматтың көлігімен саяжай аумағына барып, бірінен соң бірі көлікті айдағандарын айтты. Одан соң Солнечный кенті жағына барып, жолда рөлге ие бола алмай шетке аударылған.

 

Айыпталушының достары жол көлік апатынан кейін жеңіл жарақат алған. Екеуі де достарын бас бостандығынан айырмауды сұрады. Алайда оның өткен жылдағы қылмысы жағдайды қиындатты. Ер адам бұрын жүргізу құқығынан айрылғандықтан оның әрекетінен қылмыстың қайталануын анықтап, сот үкімімен алты жылға темір торға қамады. Енді ол өмір бойына көлік жүргізе алмайды.

 

Авторы: Бибінұр Хамитқызы