Өзбекстан азаматтарынан пара алып келген павлодарлық полиция қызметкері ұсталды
Көші-қон полициясы бөлімі басшысының 38 жастағы орынбасары Өзбекстан азаматынан ақша алған. Ол көрші ел тұрғындарының елімізде болу мерзімін ұзарту үшін сыйақы жинап келген. Ал солардың бірі болып табылатын шетелдік азамат ақша берген де, кейін өзі сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жүгінген.
-Әрекетінің заңсыз екенін біле тұра оның алдын алу үшін Павлодар облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне жүгініп, бұған дейін берілген 162 мың теңге пара туралы айтты. Алайда ол заңсыз сыйақыдан өз еркімен бас тартты. Оны алғысы келмеді,- дейді прокурор.
Полиция қызметкері неге дәл соңғы сәтте ақша алудан бас тартқаны беймәлім. Бүгін ол сотта кінәсін мойындап, өкінді. Ер адамға қомақты көлемде пара алу дерегі бойынша айып тағылды. Бапқа сай айыппұл немесе үштен жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Авторы:Артем Клеван