• Басты бет
  • Қоғам
  • Өзіне-өзі қол жұмсаған тәртіп сақшысы бейнежазба қалдырған

Өзіне-өзі қол жұмсаған тәртіп сақшысы бейнежазба қалдырған

«2021 жылдың басынан менің күйеуім Ақсу қаласы полиция бөлімінің басшысы және Павлодар облысы ПД басшылығы мен орынбасарлары тарапынан қоқан лоққы көріп келді. Күйеуім полиция бөлімі гаражында тұрып, өз мобильді телефонында өлер алдындағы бейнежазбасын қалдырған» дейді Аспандияр Айтқазиннің әйелі Мейрамгүл Айтқазина.

 

Телефон тәркіленгендіктен туысқандары бейнежазбаны көшіріп үлгермеген. Енді бұл айғақты өшіріп тастайды деп уайымдауда.

 

«Ол 20 жылдан астам уақыт бойы қызметте болды. Соңғы уақытта Ақсу қаласы полиция бөлімі басшысының орынбасары болып істеді. Күні-түні жұмыста жүретін еді. Үйде болмайтын. Жұмысына адал, жауапты болатын – дейді Аспандияр Айтқазиннің қарындасы Әсемгүл Смағұлова.

 

 

Полицияда қазіргі таңда «Өзіне-өзі қол жұмсауға итермелеу» деген бап бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын айтты.  Аспандияр Айтқазиннің артында үш баласы қалды. Ең кішісі бар болғаны үш жаста.