Өңірдегі эпидахуал тұрақты
Павлодар облысында респираторлық инфекциялар маусымы қазан айында басталды және сәуір айына дейін қатаң бақылауда болады. Дәл осы кезеңде ЖРВИ мен тұмаудың таралу қаупі дәстүрлі түрде артады. Алайда санитариялық дәрігерлердің бағалауынша, өңірдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақты.
- 22 нозология бойынша сырқаттанушылықтың төмендеуі байқалады: жіті вирустық гепатиттер — 55,5%-ға, желшешек — 10%-ға, жіті ішек инфекцияларының тобы — 11,6%-ға, серозды менингит — 21,4%-ға төмендеді, - дейді Павлодар облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Батырбек Әлиев.
Дәрігерлер вирустың алдын алудың ең тиімді жолы вакцинация екенін еске салады. Өңірде екпе науқаны жалғасуда. Сонымен қатар стационарлар науқастар санының ықтимал өсуіне дайын. Облыста 325 инфекциялық төсек-орын дайындалған, оның басым бөлігі, яғни 280-і балаларға арналған.
-Төсек-орын қоры жеткілікті. Сондай-ақ резервте қосымша орындар бар. Негізгі төсек-орын қоры толып кеткен жағдайда қосымша орындар ашылады. Қажет болған жағдайда пайдалануға болатын резервтік төсек-орындар да қарастырылған. Бүгінгі таңда науқастар саны – 262. Оның 43-і ересек, 219-ы бала. Ал ЖРВИ-мен ауыратындарды алатын болсақ, жалпы саны – 155. Оның 12-сі ересек, 143-і бала., - деп хабарлады Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасы штаттан тыс эпидемиологі
Дина Шакратова.
Облыстағы эпидемиологиялық жағдай бақылауда. Дегенмен мамандар тұрғындарды алдын алу шараларын елемеуге, жеке гигиена ережелерін сақтауға, науқас адамдармен байланыстан аулақ болуға және медициналық көмекке уақытылы жүгінуге шақырады.
Бибінұр Хамитқызы
