Өңірімізде жиын-терім науқаны қызу жүруде

Биылғы жиын-терімге 21 мың тонна жағармай отыны бөлінген. Шілде айында 2 мың тонна үлестірілсе, тамыз айының үлесі 7 мың тонна болмақ. Қазіргі таңда  өтінімдер қабылданған, жұмыстар жүргізілуде дейді басқарма өкілдері. Ауа райының қолайсыздығынан жиын-терім тоқтап тұр. 

 

- Біз майлы дақылдарды және астықты жинауды бастаған жоқпыз. Оған жауын-шашын себеп болды. Келесі аптада басталады, сәйкесінше дайындық жұмыстары жақсы деңгейде. Нақтырақ айтқанда, ерте пісетін бидай, картоп және сәбіз өнімдері жиналмақ, - деді Павлодар облысы ауыл шаруашылығы басқармасының өсімдік шаруашылығы және механикаландыру бөлімінің басшысы Есентай Мурсалимов.

 

Жем-шөпті дайындау да қарқынды жүруде. Бұл бағытқа 4 мың тонна жанар-жағармай бөлініпті. Жұмыстың 60 пайызы орындалған. Әзірге мәселе жоқ деп сендірді мамандар.

 

Авторы: Бекбол Мырзахан