• Басты бет
  • Қоғам
  • Өңіріміздің әкімі тұрғындармен өткен кездесуде қаладағы өзекті мәселелерді қозғады

Өңіріміздің әкімі тұрғындармен өткен кездесуде қаладағы өзекті мәселелерді қозғады

Есептік кездесу залында ине шаншар жер жоқ. Павлодардың дамуына бей-жай қарамайтын азаматтар жарық, аулалардың тазалығы, жол және басқа да коммуналдық сұрақтарын көтерді.

 

  • Қаланың жалпы аумағы 400 шаршы киллометр. Барлық орамішілік телімдерді қамту мүмкін емес. Қала тазалығына жауапты негізгі мердігер жол бойын, саябақтар мен басқа нысандарын жинайды. Оған 2,5 миллиард бөлінсе, аулаларға 120 миллион қарастырылған. Сол себепті барлық аулаларды қамту мүмкін емес. Жиналған телімде келесі күні қайтадан қоқыс жатады. Ең алдымен адамдар тазалыққа деген көзқарасын өзгерту қажет,- дейді Павлодар қаласының әкімі Асайын Байханов.

 

Қала басшысы түйінді мәселелерді шешу – бұл жергілікті атқарушы органдар ұмтылатын мәселе екенін атап өтті. Жиын соңында Асайын Байханов мұндай кездесулер тұрақты негізде өтетін және тұрғындар оған белсенді қатысып, халықтың басым бөлігін толғандыратын маңызды мәселелерді айту қажет екенін атап өтті.

 

 

Авторы:Айтмұхамбет Айғожа