• Басты бет
  • Қоғам
  • “ERG Service” ЖШС бүкіләлемдік инженерия күнін онлайн конкурспен атап өтті

“ERG Service” ЖШС бүкіләлемдік инженерия күнін онлайн конкурспен атап өтті

«ERG Service” ЖШС компьютерлік 3D модельдеу онлайн конкурсын алғаш рет өткізді. Оны ұйымдастыру мәселесіне кәсіпорын ерекше жауапкершілікпен дайындалған. Мұнда жас әрі дарынды инженерлердің болашағы зор екенін біледі. Олардың есебі бірінші кезекте өндірістегі қауіпсіздікке әсер етеді. Сол себепті қазылар алқасы қатысушылардың жұмыстарын еш жеңілдіксіз әрі мұқият бағалады.
- “ERG Service” ЖШС мен Еуразиялық топ үшін қызметкерлер, студенттермен жұмыс саласындағы мамандық таңдау шаралары - ең маңызды құндылық. Сол себепті осындай шара өткізіп отырмыз. Бүгінгі жеңімпаз Павлодар машина жасау алаңында біздің кәсіпорынның жоғары білікті мамандарының бас-көз болуымен өндірістік тәжірибеден өту мүмкіндігіне ие болады, - деді “ERG Service” ЖШС HR бизнес серіктесі Ирина Горошкова.
Тапсырмаларды орындау үшін қатысушыларға бір жарым сағат берді. Болашақ инженерлер есеп жүргізіп, жүк арбасының екі доңғалақты қосатын білігінің 3D модельдеуін көрсетті. Студенттер процесс кезінде анықтамалармен және мемлекеттік талаптармен жұмыс істеу шеберлігін байқатты. Кеңістіктік ойлау қабілеті де маңызды роль атқарады.
- Біз студенттер үшін тапсырмалар пакетін дайындаған кезде олар оны өмірде жүзеге асыра алатын деңгейді қарастырдық. Және ол оңай емес. Бұл бастапқы деңгей болса да бізге студенттердің осы мамандықта әрі қарай дамуын бағалауға мүмкіндік береді, - деді “ERG Service” ЖШС бас инженері Дмитрий Бизюков.
ИнЕУ студенттері конкурстың белсенді қатысушылары болды. Мұнда қашықтықтан оқыту баяғыдан қолданылып келеді. Біз өзімізді инженер ретінде көрдік. Бізге тапсырманы қысқа уақытта орындау міндетін қойды дедйі қатысушылар.
- “ERG Service” - біздің ежелгі достарымыз, олар біздің жұмыс берушіміз болып табылады. Бүгінгі конкурс студенттер үшін пайдалы. Себебі студент деген сөздің өзі ізденуші алға ұмтылушы дегенді білдіреді. Бұл біздің білім, дағды деңгейімізді көрсетеді, - деді ИнЕУ өнеркәсіптік инжиниринг және дизайн кафедрасының бас оқытушысы Талғат Икомбаев.
Торайғыров университетінің студенттері үздік үштіктер қатарында. Жиналған ұпай саны бойынша Лейла Мусина жеңімпаз атанды. Оны ERG Service конструкторлық техникалық бөлімінде күтуде. Алайда ешкім сыйлықсыз қалмады. Оны әр қатысушыға тапсырады.