• Басты бет
  • Оқиғалар
  • «Қызымды мектеп жанынан бөгде ер адам алып кетпекші болған»: Кенжекөл тұрғыны дабыл қағуда

«Қызымды мектеп жанынан бөгде ер адам алып кетпекші болған»: Кенжекөл тұрғыны дабыл қағуда

Әсел Томатаеваның айтуынша ол баласы мен жиенін алып кетуге келгенде мектеп алдынан күдікті жігітті көрген. Бірнеше минуттан соң туысқан сіңілісі ер адамның оларға менімен бірге кеттік деп айтқанын жеткізген. Әйел бірден сол жерде айғай шу көтергенін айтады.

 

Әсел Томатаеваның қызы мен жиені Кенжекөл мектебінде оқиды. Күні кеше оларды алып кетуге келгенде мектептің есігі алдында ер адам тұрған. Балақайлар оны көре салысымен бірден не болғанын айтып беріпті.

 

- Менің сіңілім жүгіріп келді 3- сыныпта оқитын. Мен оларды үйге бірге апарам. Әсел тәте мына адам бізге жақындады, Раянаға айтты дейді, сенің мамаң жұмыста менікіне барайық деп. Мамаң айтты сосын менікінен сені алып кетеді жұмыстан кейін, оны мен естіп қойдым. Мен Жоқ бізді Әсел әкетеді деп айттым деп жауап берген. Сол кезде ана ер адам кетіп қалды қастарынан былай кетті,-деп жеткізді қыздың анасы.

 

Ананың айтуынша мұғалім бұл уақытта басқа балаларды мектеп автобусына отырғызып жатқан. Бұл жерде ұстаздың еш кінәсі жоқ және ол барлық баланы қадағалап үлгермейді дейді. Әйел қызының сөзінен шошып бірден күзет қызметіне жүгіргенімен ешкімді таппапты. Оқу орнының басшысы осы сәтте вахтердің аумақты аралап жүргенін айтқан. Және басқа қызметкерлер де оқушылардың уақытында көлікке мінуіне жауапты.

 

-Үш мектеп автобусы бар. Біз балаларды Байдала, Долгое, Авиақалашық, және ауылдың шетіндегі 4, 5 кіре берістерге апарамыз. Мектепте балалармен еріп жүретін мұғалім бар. Ол балаларды отырғызып, үйлеріне апарады,-деді Кенжекөл орта білім беру мектебінің басшысы Сандуғаш Ақылжанова.

 

Әсел Томатаеваның айтуынша оқушыларды күзет агенттігі қорғауы тиіс. Мектептегі олардың қызметі де сол. Мұғалімдер түгелін қадағалай алмайды дейді. Әйел күдікті ер адамды ұстағанын айтады. Өзі полицияға арыз жазыпты.

 

- Аталмыш дерек оңтүстік полиция бөлімінде тіркелді. Ер адамның кім екені анықталды, ол 34 жастағы ауылдық болып шықты. Аталмыш азамат уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына жеткізілді. Аталмыш дерек бойынша Павлодар қаласының оңтүстік полиция бөлімі тексеріс жүргізуде,-деп мәлімдеді Павлодар облысы ПД баспасөз қызметінің басшысы Жанна Белялова.

 

Тәртіп сақшыларына оқиғаның жай жапсарын анықтауға тура келеді. Қылмыстық іс қозғау туралы әзірге ештеме айтпайды. Ал Әсел Томатаева бұл ер адамды мектеп аумағынан бірнеше рет көргенін жеткізді. Әйел ата-аналарды барынша сақ болуға шақырады.