Ішімдікке тойып алған ер адам анасын балағаттап 10 тәулікке қамалды



Ер адам үйіне мас болып келіп анасына балағат сөздер айта бастаған. Әйел бұған шыамай полиция шақырған деп хабарлайды irbistv.kz.

Полиция қызметкерлері бұзақыны учаскеге алып кетті. Құжаттарын тексеру барысында оның жыл бойы осындай тағы бір заң бұзушылық жасағаны анықталды. Қайта тәртіп бұзған павлодарлықты он тәулікке қамады, сонымен қатар оған 30 күн бойы анасына жақындауға тыйым салды.

Полицияда атап өткендей, жыл басынан бері Павлодар облысында ішімдікке тойып алып, туысқандарының мазасын алған екі мыңнан астам адам жазаланған.

-Жыл басынан бері отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында құқық бұзушылыққа жол берген 2307 адамға қатысты қорғау ұйғарымдары шығарылды, оларды бұзғаны үшін 157 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлады Павлодар облысы ПД.

 

Фото: Freepik.com