Қалалық орталық саябақтағы әткеншектерді бұзуда
Қазіргі таңда екі әткеншек демонтаждалды. Павлодарлықтар демалыс орнындағы құрылымдардың қайда кеткенін белсенді талқылауда деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі. Әкімдікте жағдайға түсініктеме берді.
Павлодарлықтар жуырда қалалық саябақтағы әткеншектердің демонтаждау жұмысын байқаған. Қазір телім қоршалуда. Қала тұрғыны Галина Степановна үшін аталмыш саябақ ерекше. 1967 жылы ол осында болашақ күйеуімен танысқан. Зейнеткер Павлодардың ортасындағы жасыл аймақта адамдар көптеп қыдырғанын еске алады. Қазір саябақтың жағдайы көңіл көншітпейді.
- Әрине, мұнда барлығы ескірген. Тіпті оны жинау шарасы да орындалмайды. Әткеншектер ескі. Бірақ жұмыс істеп тұр. Кейбір сауда павильондары да бар, - дейді Галина Агарко.
Алайда, демонтаждалып жатқан әткеншектердің орнына жаңасы қойылмауда. «Түймедақ» және «Юнга» атракциондарын алып тастаған. Павлодарлықтар қалғандарының жағдайына алаңдаулы. Қала әкімдігінде жағдайға қатысты түсініктеме берді.
- Саябақтағы әткеншектердің жұмыс маусымы ресми түрде аяқталды. Әткеншектерді демонтаждау жұмыстары профилактикалық тұрғыдан орындалуда. Келесі жылға дайындау мақсатында, - деп хабарлады Павлодар қаласы әкімі баспасөз қызметінің басшысы Мақпал Қаржаубай.
Естеріңізге салсақ, жуырда құрылыс жүріп жатқан аквапарктың маңайында көп деңгейлі көлік тұрағы пайда болатыны белгілі болды. Осы мәселеге қатысты сауықтыру орталығының құрылысы созылуда. Ол кезде қалалық саябақтың теліміне кедергі келтірілмейді делінген.
