• Басты бет
  • Оқиғалар
  • Қауіпті бұрылды: полицейлер жеңіл көлік жүргізушісіне айыппұл салған

Қауіпті бұрылды: полицейлер жеңіл көлік жүргізушісіне айыппұл салған

Павлодарда қауіпті манёвр жасаған Ravon автокөлігінің жүргізушісін әкімшілік жауапкершілікке тартты, - деп хабарлайды irbistv.kz.

Әлеуметтік желіге мониторинг жасау барысында тәртіп сақшылары Лимонная көшесімен кетіп бара жатқан Ravon көлігінің жүргізушісі қауіпсіз екендігіне көз жеткізбестен өте қорқынышты бұрылғаны түсіп қалған бейнені көрген.

- Жолда жүру қағидаларын бұзғаны үшін жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жыл басынан бері маневр жасау қағидаларын бұзғаны үшін 400-ден астам жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлады Павлодар облысының полиция департаменті.