Әлеуметтік желі арқылы кіру

немесе

КІРУ

Үш бала мен ананың жан түршігерлік өлімі жайлы тың деректер белгілі болды

оқиғалар

26
Естеріңізге сала кетейін, ер адам өз отбасын өлі күйінде тауып алған болатын. Қайғылы оқиға Айманов көшесі 2 мекенжайындағы үйде орын алған. Оқиға орнына бірден жедел мамандар жетті. Полиция департаментінде хабарлағандай марқұмдардың денесінен азаптау белгілері анықталған. Үйіне келген отағасы есіктің жабық екенін байқаған. Кейін оны арнайы темірмен ашқан кезде үш баласы мен әйелінің денесін тапқан. Тәртіп сақшыларымен бірге куәгер ретінде кірген көршілердің бірі.

-Кірген кезде жағамды ұстадым. Барлығын пышақпен кескілеп тастаған. Балалар өз кереуеттерінде, ал әйел еденде жатты. Оқиға кешке орын алған секілді, себебі олар ұйықтағанда киетін киімде болды дейді.

 

Куәгердің сөзінше әйелдің денесінде соққы іздері болған. Басқа көршілердің айтуынша ұрыс- керісі жоқ тату отбасы болған көрінеді. Үнемі балалармен далада қыдырып жүретін дейді.

 

-Ерлі-зайыптылар бірге тұрған, ортақ үш бала бар. Үйде барлығы өз орнында. Полицияны күйеуі өзі шақырды. Аталмыш дерек бойынша 99 баптың 3 бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бірқатар сараптама тағайындалды,- деп хабарлады Павлодар облысы ПД басшысының орынбасары Елдар Әбдікенов.

 

Әзірге бірнеше адамды өлтірді деген күдікті анықталмады деп хабарлады полицияда. Қазіргі таңда пәтер жабық. Кәмелетке толмаған балаларды өлтіру деген баппен қылмыстық іс қозғалған. 

Тегтер

Пікір қосу

Пікір қалдыра отырып Сіз пікір қосу толық келіскен болып табыласыз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру

             

Пікірлер ()