• Басты бет
  • Оқиғалар
  • 13 келі балық үшін ер адамға 17 миллион теңге көлемінде айыппұл төлеу қауіпі төніп тұр

13 келі балық үшін ер адамға 17 миллион теңге көлемінде айыппұл төлеу қауіпі төніп тұр

Оқиға орнына жедел түрде Май ауданының тәртіп сақшылары шақыртылған. Инспекция мамандары қаскөйлерді бірнеше сағат көлемінде торуылдап жағаға шыққан сәтте құрықтапты. Анықталғандай салмағы 4 келіден асатын сібір бекіресі, 8 келіден асатын сүйрік ауланған. Балық ауы, қайық, сондай-ақ, арнайы құралдар тәркіленді. Айта кетейін сібір бекіресі қызыл кітапқа енген және оны аулауға тыйым салынған.

 

- ҚР Әкімшілік кодексінің 335-бабының 3 бөліміне сәйкес заң бұзушыға 6000 АЕК көлеміндегі айыппұл немесе 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы төніп тұр. Әзірге сот шешімі шыққан жоқ, - дейді «Зайсан-Ертіс облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы» РММ бас маманы Василий Павлов.

 

Келтірілген шығын 3 469 771 теңгені құраған. Ал жыл басынан осындай 69 хаттама толтырылыпты. Оның 24-і соттың қаралымына жөнелтілді. Жалпы сомасы - 1 миллион 400 мың теңге шамасында айыппұл салынған. 

 

 

Авторы: Бекбол Мырзахан