2027 жылы Ораза қашан басталатыны белгілі болды

 

 

 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2027 жылғы діни мерекелер мен атаулы күндердің күнтізбесін бекітті, деп хабарлайды irbistv.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

 

ҚМДБ мәліметінше, келесі жылы қасиетті Рамазан айы 8 ақпанда басталады. Ал мұсылман қауымы асыға күтетін Ораза айт мерекесі 9 наурызға сәйкес келеді.

Қадір түні 5 наурыздан 6 наурызға қараған түнге белгіленген.

Құрбан айттың алдындағы Арапа күні 15 мамырға түсіп отыр. Ал Құрбан айт мерекесі 16 мамырда басталып, 18 мамырға дейін жалғасады.

Діни басқарма өкілдері мұсылман күнтізбесіндегі айлардың басталуы халықаралық астрономиялық зерттеу орталықтарының деректері негізінде есептелетінін атап өтті.

Дегенмен айдың тууына байланысты діни мерекелердің нақты күндері бір күнге алға немесе артқа жылжуы мүмкін.