24 жастағы жігіт Өскемендe түрмеде отырып, Павлодарда коттедждерді жалға берген
Тергеу нұсқасы бойынша, ол алаяқтықпен 2025 жылдың сәуірі мен маусымы аралығында айналысқан. №73 мекемеде отырып, қандай да бір жолмен смартфон пайдаланған деп хабарлайды irbistv.kz.
Коттедждерді жалға беру туралы хабарландырулар жариялап отырған, оның ішінде Бұқтырма кентіндегі үйлер де болған. Клиенттер алдын ала төлем жасағанымен, ештеңе алмаған. Іс бойынша барлығы 30 эпизод тіркелген. Бұған дейін алаяқтық, тонау және ұрлық үшін сотталған жігіт өз кінәсін мойындамады. Соған қарамастан, сот дәлелдер жеткілікті деп танып, оған 4 жыл жаза тағайындады. Бұл — әлі өтелмеген бір жылдық жазасына қосымша мерзім.Айта кетейік, келтірілген жалпы шығын көлемі шамамен 800 мың теңгені құраған. Алайда зардап шеккендердің тек аз бөлігі ғана шығынды өндіруді талап еткен.

