• Басты бет
  • Оқиғалар
  • 26 пышақ жарақаты. Ақсудағы әйел мен балаларын өлтірген күдіктінің ісін алқа билер қарауда

26 пышақ жарақаты. Ақсудағы әйел мен балаларын өлтірген күдіктінің ісін алқа билер қарауда

Қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотта адам өлтіру дерегін қарастыруда. Отырыс алқа билер қатысуымен өтті. Тыңдауларда куәгерлер мен сарапшылардан жауап алды. Бүгін мамандар сотта көп деректі анықтай алмағандарын айтты. Себебі мәйіттер бір-екі күн пәтерде жатып қалған.

- Мәйіт бұзыла бастаған. Себебі ол кезде жаз болатын. Терезе жабық, үй ыстық. Сәйкесінше біз мәйіттерді бірден сараптамаға алмадық. Яғни адам өлімінен соң бірден біздің үстелге әкелмеді. Біз тек келесі күні ғана зерттеуге алдық, - деп мәлімдеді сарапшы маман.

Пәтерден әйелден басқа оның екі қызының мәйітін тапты. Олар да бастан қатты соққы алған, қанша соққы екені белгісіз. Тек сарапшы баланың бас сүйегі жұқа болғандықтан бір соққының өзі жетіп жатыр дейді. Айта кету керек, айыпталушы он бестен жиырма жылға дейін сотталуы мүмкін.

 

Авторы:Б ибінұр Хамитқызы