27 жыл бойы Павлодарда іздеуде болған қылмыскер Мәскеуде қолға түсті

 

Қылмыстық жауапкершіліктен қашып, Ресей аумағында жасырынған күдікті Павлодар облысы ПД Криминалдық полиция басқармасы мен Мәскеу облысы бойынша Ресей ІІМ қызметкерлерінің бірлескен арнайы операциясы кезінде құрықталды.

 

- 2026 жылдың 10 айында өңірде барлығы 82 қылмыскер іздеуде болса, қабылданған шаралардың нәтижесінде 73-і анықталды. Олардың арасында кісі өлтірген 1 адам, қарақшылық жасаған 3 және тонау бойынша 3 қылмыскер бар, – деп хабарлады Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі.