• Басты бет
  • Оқиғалар
  • 33 жасар павлодарлық адам өліміне әкелген жол-көлік апаты үшін жазаланды

33 жасар павлодарлық адам өліміне әкелген жол-көлік апаты үшін жазаланды

Оқиға 2022 жылдың қыркүйегінде орын алды. Айыпталушының сөзінше жағдайға автомобиль жүріп келе жатқанда ашылып кеткен капот себеп болған. Салдарынан алдын көрмей жаяулар өткелінде адамды қағып кетіпті. Есі шығып, машинасын оқиға орнына тастап, өзі екі күн бойы қашып жүрген. Кейін оны полицейлер ұстапты. Дерек бойынша қылмыстық іс ашқан. Сотта павлодарлық кінәсін толық мойындады. Үкім бойынша оны 2,5 жылға бас бостандығынан айырды. Сонымен қатар қайтыс болған адамның ағасына үш миллион теңге моральдық шығын төлеуге міндеттеді.