44 жастағы ұры Павлодарда 5 жылға колонияға жіберілді

Бұрын бірнеше рет сотталған ер адам тағы да ұрлық жасағаны үшін ұсталды. Ол үйлерге кіріп, алтын зергерлік бұйымдарды, тондарды, киімдерді алып қашқан. Саяжайды қойып, тіпті көшеде тұрған көлікке қарақшылық жасаған, мәселен біреуінен 35 мың теңге тұратын көзілдірікті алған жағдайлар болыпты. Көзіне түскеннің бәрін жалмаған қаскөй енді жазасын өтейді. Қылмыстық іс бойынша жалпы сомасы 2 миллион теңгеге жуық залал келтірілген.