56 жастағы павлодарлықты көршісін өлтіргені үшін бостандығын шектеді

 

 

Оған бір әйел жүгініп, бірге тұратын ер адам ұрып тастап, үйге кіргізбей жатқанын айтты. Сөйтіп полиция шақыртуды сұраған. Тәртіп сақшыларына хабарласқан күдікті далаға шыққанда жаңағы көршісін мас күйінде кездестірген. Оның есін жидыру үшін бетінен соққан, сосын үйге кіргізген. Алайда көтере алмай, ер адам құлап басымен асфальтқа соғылған. Үш күннен соң жапа шегуші алған жарақатынан ауруханада көз жұмған.

 

Қылмыстық істі «Абайсыздықпен өлтіру» бабы бойынша қараған. Марқұмның ағасы оны соттамауды сұрады. Сот үкімімен павлодарлықтың бір жарым жылға бостандығын шектеп, туысқандарына шамамен 2 миллион теңге төлеуді міндеттеді.