6 жасар қызға қол жүгірткен павлодарлық 20 жылға қамалды
Қылмыстық іс сотта жыныстық сипаттағы күш қолдану әрекеттері фактісі бойынша қаралды. Тергеу нұсқасы бойынша, бірнеше эпизод болған. Қызға туыс болып келген ер адам үйге еркін кіріп-шығып жүрген әрі 6 жасар қызбен жатын бөлмеде есікті жауып қалып жүрген мыс. Барлығы 2020 жылы болған. Алайда арада жылдар өтіп, атап айтқанда 2026 жылы айыпталушы есейіп қалған балаға кенеттен жазып, қоңырау шала бастаған. Тиісу әрекеттері кездесу кезінде қайталанып кетуі мүмкіндігінен қорыққан қыз психологиялық қолдау қызметіне қоңырау шалған. Әңгіме ашық өтіп, нәтижесінде қылмыстық іс қозғалды.
- 2019 жылғы 27 желтоқсандағы редакциядағы ҚР ҚК 121-бабының 4-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылсын және оған 20 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын, - деп хабарлады Павлодар облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Нұрлан Айтбаев.
Қазір 39 жастағы ер адам ұсталғаннан кейін жауап алу кезінде кінәсін мойындаған, бірақ сот отырыстары кезінде өз сөзінен түбегейлі бас тартты. Оны жала жауып отыр деп мәлімдеді. Алайда сотта дәлелдемелер жеткілікті деген қорытындыға келді. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.
