61 жасар Павлодар облысының тұрғыны есірткімен ұсталды

 

- Аталған есірткі құралдары ауыл тұрғыны үйінің маңатында орналасқан үйде және тұрғын емес құрылыста тінту іс-шараларын жүргізу кезінде алынды. Сараптама қорытындысы бойынша "марихуана" болып табылатын есірткі құралының жалпы салмағы 1,5 килограмды құрады, - деп хабарлады Павлодар облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Қуат Түсіпбеков.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.