88 жастағы зейнеткер жұмбақ өрттің салдарынан үйсіз қалды

Клавдия Гадаткина "Ирбис" телекомпаниясының жаңалықтар эфирінде жақында Суворов зиратының аумағында ұрлық мәселесі туралы айтқан болатын. Күйеуінің қабірінен металл қоршау қолды болған. Дегенмен, бірнеше күннен кейін ол әлдеқайда ауыр жағдайға тап болды. Целинная, 26 мекенжайында орналасқан үй өрткеніп кеткен. Бүгінде жалғыз басты әйел уақытша тұрақта күнін көруге мәжбүр.

 

- Бақша жақта әлдене жарқырай басады, жақындап барсам үй жанып жатыр екен. Не істерімде білмедім, шелекті де көтере алмаймын, сүрініп жатып көршілеріме бардым. Тіпті үйдің ішіндегі құжаттарыма әкете алмадым, төтеншеліктер әйтеуір алып шықты,-Целинная көшесіндегі 26-үйдің тұрғыны Клавдия Гадаткина.

 

Зейнеткер үйде жалғыз тұрады. Бар ғұмырым осы жерде өтті, қимаймын дейді. Бұл ретте, тілсіз жау баспананың шатыр бөлігін жалмаған. Одан қалса жиһаздар да жарамсыз халге жеткен. Толық қалпына келтіру үшін қырауар қаражат керек. Ал әженің бұған шамасы келмейді.

 

- Ең әуелі шатырды жөндеу керек, ауа райы да қолайсыз, су кіруі мүмкін. Басқа бөлемелерді жөндеуді жоспарлап отырмыз. Бірақ, материалдар өте қымбат. Оған қаражат табу да қиын. Павлодарлықтар көмек көрсетсе екен деймін,-деп жеткізді Клавдия Гадаткина.

 

Жүрегі жомарт жандар 8707 754 77 24 нөміріне хабарласа алады. Бұл зейнеткердің телефоны. Клавдия Ивановнаға кез келген көмек ауадай қажет екенін айта кеткен жөн.