Әлеуметтік желі арқылы кіру

немесе

КІРУ

900 миллион теңгеге алдап кеткен алаяққа қатысты үкім өзгеріссіз қалды

оқиғалар

46
Аппеляциялық алқа адамдарды шамамен 900 миллион теңгеге алдап кеткен бұрынғы банк қызметкеріне қатысты қылмыстық істі қарады. Естеріңізге сала кетейін, барлығы 97 адам жапа шеккен. Түгелі кепілде тұрған мүлікті сатып аламыз деп сеніп қалған. Бірінші сот инстанциясында кінәсі дәлелденді деген шешімге келіп, тоғыз жылға бас бостандығынан айырды. Ер адам үкімге қарсылық білдірді.

- Сотталушыға жаза түрі мен мөлшерін тағайындау кезінде сот жаза жауапкершілігіне әсер ететін барлық жағдайлар қарастырылды. Осыған байланысты сотталушы мен оның қорғаушыларының аппеляциялық шағымы дәлелдері назарға алынбайды, - деді прокурор.  

 

 

Айта кету керек, айыпталушымен қатар одан жапа шеккен тағы бірнеше адам түрлі себеппен облыстық сотқа шағымданған. Прокурор үкімді өзгеріссіз қалдыруды сұрады. Апелляциялық алқа үкім дұрыс шығарылған деп санайды. Кейбір жапа шегушілер айыпталушыға берген ақшасының бір бөлігін алып үлгерген. 

Пікір қосу

Пікір қалдыра отырып Сіз пікір қосу толық келіскен болып табыласыз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру

             

Пікірлер ()