Ақсу қаласы аумағында заңсыз балық аулағандар ұсталды

 

 

Заңсыз тәсілмен 30 келіден астам шортан ұстағандар анықталды деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

 

М. Омаров ауылының маңында полция Ауди маркалы автокөлікті тексеріп, салонда үрлемелі қайық, шортан балық және балық аулау заттарын табады. Сонымен қатар, Ақсу кентінің маңында моторы бар резеңке қайық, шортан балығы және балық аулауға тыйым салынған құрал - саймандарымен тіркемесі бар Нива маркалы автомашина тоқтатылды.

 

-Көлік ішіндегі барлығы 33 келі шортан тәркіленді, сараптама тағайындалды. Балық аулау ережелерін өрескел бұзғаны және тыйым салынған құралмен балық аулағаны үшін ер адамдар әкімшілік жауапкершілікке тартылды, материалдар шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді. Көлік құралдары мамандандырылған тұраққа қойылды, - деді Павлодар облысы Ақсу қаласы ПБ бастығының бірінші орынбасары Айдар Сламбеков.


Айту керек, "Браконьер" жедел-профилактикалық іс-шарасы ел аумағында 19 қарашаға дейін жалғасады.

 

Фото: Облыстық ПД