• Басты бет
  • Оқиғалар
  • Ақсу қаласы тұрғынынан құны 2 млрд теңге болатын киік мүйіздері табылды

Ақсу қаласы тұрғынынан құны 2 млрд теңге болатын киік мүйіздері табылды



Мүйіздерді облыстық Полиция департаменті мен ҰҚКД қызметкерлері тәркіледі. Ұсталған Ақсу қаласының 49 жастағы тұрғынының гаражын тінту кезінде киік мүйіздері сақталған 8 жәшік табылды. Жалпы салмағы 170 келіге жуық болатын Қызыл кітапқа енген жануардың 800-ге жуық мүйізі тәркіленді.

-Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 339-бабының 1-1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктіге қатысты келу туралы міндеттеме түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Бірқатар сараптама тағайындалды, соның ішінде биологиялық және трассологиялық. Ұсталғандардың мемлекетке келтірген зияны шамамен 2 млрд теңгені құрады", – деді

Павлодар облысындағы Полиция департаментінің бастығы Василий Скляр.