Ақсуда оқушы қызды жыныстық қатынасқа итермелеген 26-жасар күдікті ұсталды
Павлодар облысы Ақсу қаласында 26 жастағы жігіт 12 жастағы оқушы қызды оральді жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлеген. Бұл туралы irbistv.kz тілшісі хабарлайды.
Ата-анасының айтуынша, күдікті ер адам бұнымен тоқтамай, қыз баланы мектепке дейін аңдып барып, арам пиғылдарын қайталағысы келген. Ақсу қаласы білім бөлімі бұл ақпаратты растады. Полиция департаментіне де өтініш келіп түскен.
-Жәбірленуші тараптың арызы негізінде 26 жастағы ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полиция қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу мүддесі үшін басқа мәліметтер жарияланбайды,-деп жеткізді өңірлік полиция департаментінде.
Белгілі болғандай жәбірленуші оқушы қыз күдіктімен әлеуметтік желіде танысқан.