Ақсуда заңсыз жұмыс істеген шетел азаматтары анықталды

 

 

"Заңсыз келу" жедел шаралары барысында тиісті құжаттарсыз жұмыс істеген Өзбекстан Республикасының тоғыз азаматы анықталды дейді irbistv.kz тілшісі.

 

Тәртіп сақшылары Ақсу қаласы аумағында суармалы алқаптарды тексеру барысында, жұмыс істеп жүрген шетелдіктерге тап болған. Рұқсат құжаттары болмай шыққан.

 

-Заңнаманы бұзғаны үшін шетелдіктер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Материал сотта қаралды. Сот шешімімен барлық шетелдіктер Қазақстан Республикасынан шығарылды, - деді Ақсу қаласы полиция бөлімінің бастығы Дулат Төкенов.


Шетелдік азаматтарды тартқан, бірақ олардың болуын заңдастыруға үлгермеген жұмыс беруші де жазаланады. Жұмыс берушіге 30 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

 

Фото: Облыстық ПД