Әлеуметтік желі арқылы кіру

немесе

КІРУ

Ақыл-есі кем жігітті алты жылға темір торға қамау шешімі шығарылды

оқиғалар

20
22 жастағы жігіттің анасы ұлын Ленин кентінде 19 жастағы қызға тап берген деп айыптаған дейді. Оның қасында 16 жастағы тағы бір жасөспірім болған.

Сотталған жігіттің анасы Гүлнардың айтуынша оқиға 2019 жылы жазда орын алған. Ұлы Ленин кентіне өзінің 16 жастағы досына үй жинастыруға көмектесуге барған. Онда олар қыздарды кездестірген. Бірге ішімдік ішіп, тарасқан. Ал 19 жастағы бойжеткеннің біреуімен кешке қайта кездескен.
- Қыздың сөзінше оны күндіз болған үйге сүйреп апарған. Кіргізіп, диванға итеріп құлатқан. Сосын зорламақ болғанымен ештеңе жасамаған, досын шақырған. Досы шалбарын шеше бастағанда қыз есінен танып қалыпты. Екі-үш минуттан соң есін жиған қыз шалбарын киіп, үйіне қашып кеткен, - деді айыпталушының анасы Гүлнар.
Гүлнардың айтуынша ұлының ақыл-есі кем. Негізінен балалармен ойнайды, ал ересектер оны келемеж қылады екен. Дегенмен де ашушаң емес. Әйел сот шешімі бойынша қамқоршы болып табылады. Алайда Гүлнар тергеу кезінде баласынан жауап алғанда және процестерге мені қатыстырмады дейді. Және қызға тиіспек болғанына сенбейді. Сотта оқиғаның мән-жайы туралы ештеме айтпаған. Отырыстар жабық тәртіпте өткен. Тек үкімнің жарияланғанын айтты.
- Азамат Я. ҚР ҚК 121-бабы 2-бөлімі 1-тармағы бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Оған орташа қауіпсіздіктегі абақтыға 6 жылға қамау жазасы тағайындалды. Ол сот залында қамауға алынды, - деді Павлодар облыстық сотының баспасөз хатшысы Маржан Құрманғалиева.
Істі ювеналдық сотта қарады, себебі бұл оқиғаға қатысы бар тағы бір жігіт 16-да. Дәл сол жасөспірім Гүлнардың ұлын Ленин кентіне шақырған. Оның бес жылға бостандығын шектеді. Қазір аппеляциялық шағым берген. Әйел баласының диагнозын ескеріп, үкімді қайта қарар деп үміттенеді.

Пікір қосу

Пікір қалдыра отырып Сіз пікір қосу толық келіскен болып табыласыз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру

             

Пікірлер ()