• Басты бет
  • Оқиғалар
  • Адам өлтіруге әрекеттенді деп айыпталған ер адамды бас бостандығынан айырды

Адам өлтіруге әрекеттенді деп айыпталған ер адамды бас бостандығынан айырды

Кейін тергеу кезінде белгілі болғаны ол өзіне қомақты қаражат қарыз болып қалған танысын өлтіргісі келген. Қазан айында сот оны «Жүгенсіздік» дерегі бойынша ақтап, екі тарап татуласқандықтан босатты.  Прокурор бұл заң бұзушылық алқа билер сотында «Жүгенсіздік» бабы бойынша қаралмауы тиіс деген себеппен аппеляциялық шағым түсірген.  Өйткені жігітке адам өлтіруге әрекеттену дерегі бойынша айып тағылған. Нәтижесінде үкімді жойып, қайта қарауға жіберді. Бір жарым айдан соң жаңа шешім шықты.  

 

- ҚР ҚК 99-бабы, 1-бөлімі, 24-бабы, 3-бөлімі бойынша қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп тауып 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын, - деді аудан аралық мамандандырылған сот судьясы.

 

Ер адам жазасын қатаң тәртіптегі абақтыда өтейді. Судья сегіз жыл ең аз мерзім екенін айтты. Үкім заңды күшіне енген жоқ.