Адвокат: «Ол жолға шыққанда трактор жүргізетін куәлігі жоқ»

Өткен жылы қазан айында Ақтоғай-Шолақсор тас жолында жеңіл көлік жүргізушісі шөп әкеле жатқан трактор тіркемесімен соқтығысып, жан түршігерлік апатта бес адам көз жұмған еді. Тергеу қақтығыс тізгінде отырған марқұмның кесірінен орын алғандығын анықтап, қылмыстық істі жапқан. Дегенмен, апатта көз жұмғандардың жақындары шешіммен келіспей істі қайта қарауды талап етіп, аудандық прокуратурға арыз жазды. Әлі күнге дейін жауап келмеген. Бұл ретте, трактор жүргізушісі мен иесін де тексеру қажет дейді.

 

- Ол жолға шыққанда трактор жүргізетін куәлігі жоқ. Екіншіден, «габаритные огни» дейміз ғой, сол болмаған тіркеуіште. Меніңше, трактор жүргізушісін ғана емес. Шаруа қожалық басшысын да жауапқа тарту керек. Тергеуді қайта көтеріп, кім кінәлі екенін анықтау керек деп ойлаймыз, - деді адвокат Қарлығаш Джамалиденова.

 

Полиция департаменті іс шынымен де жабылғандығын растады. Олар мәселе жайлы сөз алуға дайын. Сенбі күні сағат 21:40 өтетін «Дабыл» бағдарламасында тас жолдардағы қауіпсіздік пен бұл оқиға жайлы толығырақ айтатын боламыз.