Айнакөл ауылы маңында жол апатынан жүргізуші қаза тапты

 

 

Жеңіл көліктердің бірі қарсы бағытқа шығып, өзге машинамен соқтығысқан деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі.

 

Оқиға 4 қараша күні «Атамекен–Курчатов» трассасында, Айнакөл ауылының маңында болған.

 

-Skoda Rapid маркалы көліктің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, қарсы қозғалыс жолағына шығып, Audi А6 автомашинасымен бетпе-бет соқтығысқан. Салдарынан бір адам көз жұмды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталатын болады. Қылмыстық іс қозғалды,-деп мәлім етті облыстық полиция департаменті.

 

Фото: Облыстық ПД