Алаяқтар Екібастұз әкімінің атын жамылып, адамдарды алдап жүр

 

 

 

Алаяқтар Екібастұз қаласы әкімі Аян Бейсекин атынан алаяқтық схемасын құрып алған деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі.

 

Бұл туралы кеншілер шаһарының әкімі әлеуметтік желідегі парақшасында айтты.

 

-Түрлі мессенджерлерде менің атымды алаяқтар қолдануда. Жасанды интеллект арқылы жалған аудио дауысымды келтірген. Соның арқасында қаражат аударуды сұрауда. Мен сіздерден телефон арқылы хат алмасуда және қоңырауларға жауап бергенде сақтық танытып, абай болуларыңызды сұраймын, - дейді Екібастұз әкімі.

 

Фото: Freepik.com