Алаяқ павлодарлық зейнеткерді алдап миллион теңгесін ұрлаған



Павлодарлық 74 жастағы зейнеткер алаяқтың қулығына тап болды деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі.

 

Зейнеткер әйелге белгісіз жігіт қоңырау шалып, байланыс операторы қызметкері ретінде таныстырып, сыйлық ұтып алғанын және оны жеткізу үшін мекенжайын сұрайды.

 

іраз уақыттан кейін үйіне ер адам келіп, шоколад беріп, әңгімелесіп сеніміне кіреді. Алдағы күндері тағы бірнеше рет қонақ болып, өзін ерікті екенін айтып, тағамдар ұсынып, әжейдің үстелін жөндеп, көмектесе бастайды. Осылайша, зейнеткердің телефонына қол жеткізіп, арнайы қосымшаны жүктейді. Кейін Face-ID көмегімен депозитінен ақшаны өз шотына аударып, белгісіз бағытта жасырынып кетті. Шығын 1100000 теңгеге дейін жетеді,- деп жеткізді полиция департаментінде.

 

Қазір полицейлер бейнебақылау камераларының барлық жазбаларын тексеріп, жедел-іздестіру шараларын жүргізуде. Айту керек, жыл басынан бері Павлодар облысында алаяқтықтың 481 фактісі тіркелген.

 

Фото: Freepik.com