Алкоголь сатуға лицензиясы жоқ болса да заңды бұзған

Екібастұздағы Мәшһүр Жүсіп көшесінде орналасқан дәмхананың ішімдік өнімдерін сатуға лицензиясы уақытша тоқтылып, 40 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Соған қарамастан тамақтану орнының қожайыны оны жалғастыра берген. Нәтижесінде қаңтардың 24-і бұл дерек дәлелмен анықталды деп хабарлайды Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі. Сондай-ақ мекемеден 146 шөлмек ішімдік тәркіленді.