Арнайы шара барысында дәрілерді рецепсіз сату жағдайлары тіркелген

Павлодар облысы полиция департаменті есірткімен күрес басқармасының қызметкерлері аталмыш қызметтерді көрсететін 23 субъектіні тексеріп, есірткі сатудың 8 дерегі анықталып, айналымнан 30 грамм синтетикалық зат тәркіленген. Және 10 әкімшілік құқықбұзушылық анықталса, оның жетеуі дәрілік өнімдерді рецептісіз босатуға қатысты орын алған.
Мәселен, Успен ауданындағы дәріханалардың бірінде асқынуға қарсы рецепт арқылы босатылатын препараттың 10 таблеткасын сатқаны анықталды. Мұндай дәрілер бейінді маманның есебінде тұрған тұлғаларға тек қана рецепт арқылы беріледі. Тақылеттес жағдай Ертіс және Май аудандарында да тіркелді. Фармацевтикалық іс-әрекеттер ережесі және дәрілік құралдардың айналым саласындағы заңсыздықтар үшін кінәлі тұлағалар әкімшілік жауапкершілікке тартылады, - деді Павлодар облысы ПД есірткі қылмысымен күрес басқармасының бастығы Қуат Түсіпбеков.

Бұл тарапта заңсыздықтарға барған тұлғалар үшін егер жеке кәсіпкер болса 100 АЕК, ал шағын және орта бизнес өкілдеріне 200 АЕК көлемінде айыппұл санылады деп ескертті жауапты мекеме өкілдері.