Артық қыламын деп тыртық қылды

Екі павлодарлықты 15 мың доллар талап еткені үшін бес жылға түрмеге қамады. 2021 жылдың желтоқсанында үш жігіт таксистті ұрып тастап, көлігін бүлдірген. Жүргізушінің танысы яғни көліктің иесі бұл әрекетті аяқсыз қалдырмауды шешкен. Өзін ренжіткендермен хабарласып, қомақты сома талап еткен. Жеке кездесу кезінде қол да жұмсаған. Алайда ақшаны бәрібір де ала алмапты. Бопсалаушылар сотталушы тағына отырды. Отырыста олар кінәсін мойындамады және бапты өздігінен әрекет ету бабына ауыстыруды сұрады.