Атамекен кентінде мектептен оқушылар эвакуацияланды
№ 33 жалпы орта білім беру мектебіндегі өрт шығуы жайлы хабарлама келіп түскен деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі.
Оқиға 2 қыркүйек күні болған. Атамекен кентінің № 33 жалпы орта білім беру мектебінің асханасында электр есептегішінің өртенгені туралы хабарлама сағат 13:50-де келіп түсті.
-Тексеру барысында электр есептеуішінің тұйықталуы анықталды. Өрт сөндірушілер келгенге дейін ғимараттан 461 адам, оның ішінде 421 оқушы өз бетінше эвакуацияланды. Сонымен қатар, сол күні сағат 14:34- те Баянауыл ауданының № 3 орта мектебінде люстраның тұйықталуы бойынша хабарлама келіп түскен. Аталмыш оқу ордасында жарық диодты шамда электр сымдарының қысқа тұйықталуы және пластикалық корпустың қайта қалпына келтірілгені анықталды. 101 адам өз бетінше эвакуацияланды, оның ішінде 91 оқушы,-деп атап өтті облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Екі жағдайда да мектептерде ешкім зардап шеккен жоқ. ТЖД күштерімен ғимараттарды бақылау және желдету жүргізілді.
Фото: Freepik.com
