• Басты бет
  • Оқиғалар
  • Атамекен кентінде даладағы дәретхананың топырағы опырылып, астында әйел қалып қойған

Атамекен кентінде даладағы дәретхананың топырағы опырылып, астында әйел қалып қойған

 

Атамекен кентінде келіншек ойламаған жерден оқыс жағдайға тап болды. Ауладағы дәретхана шұңқыры опырылып кетіп, шыға алмаған соң құтқарушыларды шақырған, деп хабарлайды irbistv.kz.

 

- Оқиға орнына жедел жеткен ТЖМ қызметкерлері құрылымның одан әрі құлап кетпеуін қадағалай отырып, есікті бөлшектеп, ішіндегі әйелді алып шықты. Құтқару шараларынан кейін ол медициналық тексеру үшін жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды, — деп хабарлады Павлодар облыстық ТЖД баспасөз қызметінен.

 

Фото: Павлодар облысы ТЖД