• Басты бет
  • Оқиғалар
  • Ауқымды жол-көлік апатынан жапа шеккен бір ғана адам ауруханада жатыр

Ауқымды жол-көлік апатынан жапа шеккен бір ғана адам ауруханада жатыр

Көлік апаты трасса жабылғанға дейін бір сағат бұрын орын алған. Түк көрінбегендіктен жеңіл көліктің жүргізушісі жолда тоқтап, күте тұруды шешкен.

 

- «КамАЗ» көлігінің 34 жастағы жүргізушісі боран кесірінен жол шетінде тоқтап тұрған жеңіл машинаға соғылады. Әрі қарай тағы жеті темір тұлпар келіп қағылған,- деді  Павлодар облысы ПД басшысының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров. 

 

 

Нәтижесінде жол-көлік апатында тоғыз жеңіл көлік бүлінді. Сонымен қатар екі жүк көлігі бар. Бастапқыда дәрігерлер ауруханаға арасында бес жасар бала бар, бес адам жатқызылды деп хабарлаған еді. Қазір тек бір әйел ем алуда, қалғандарын үйге жіберген. Ал жол көлік оқиғасы бойынша тексеріс басталды